Вход Регистрация

Закрыть

Сожалеем, но в вашей стране музыка не доступна
Sorry music in not allowed in your country

Текст песни Өмір

Жаралып сұлу тәніміз, беріліп оған жанымыз,
Өмірге келдік бәріміз анамыздың құрсағынан.
Тәніңде жүрмес жан мәңгі, адамның жолы бағларлы,
Келмеске кеткен жандарды жаным жылы жыл сағынам.
Өмір кейде мәнді емес, құлатқанда жар белес,
Өмір деген өтпелі, адамдар мәңгі емес.
Қайырмасы:
Өмір-ай, өмір ағын судай, адамның жаны қауырсындай,
Қиындықтарда сағым сынбай жүрсем екен, жүрсең екен.
Өмір-ай, өмір сағым киік, иманның алтын тәжін киіп,
Бір бірімізді қадірлейік, тал бесіктен жер бесікке дейін.

Әр күнім шыдап дауылға, шағылмай асқар тауым да,
Құшағын ашқан бауырға, алғыс тілек айтатын күн.
Өмірдің мәні сыйластық, өмірдің мәні өтініш,
Қалмасын іште өкініш, ауылыңа қайтатын күн.
Өмір кейде мәнді емес, құлатқанда жар белес,
Өмір деген өтпелі, адамдар мәңгі емес.
Қайырмасы:
Өмір-ай, өмір ағын судай, адамның жаны қауырсындай,
Қиындықтарда сағым сынбай жүрсем екен, жүрсең екен.
Өмір-ай, өмір сағым киік, иманның алтын тәжін киіп,
Бір бірімізді қадірлейік, тал бесіктен жер бесікке дейін.


Нравится этот исполнитель? Расскажите о нем друзьям — поделитесь этой страницей:

Комментировать